Абайланыз, туляремия!
Туляремия - табиғи ошақтығы бар зоонозды жұқпа. Ауру қоздырғышы сыртқы ортада ұзақ сақталады: суда, ылғалды жерде, дәнде, сабанда, азық-түлік тағамдарында. 60°C дейін қыздырғанда 5-10 минуттен кейін өледі, қарапайым дезинфекциялаушы ерітінділермен жойылады.
Аурудың белгілері. Ауру жіті формада, кенеттен дене қызуының 390-400 С көтерілуінен басталады. Кенеттен бас ауруы, бас айналуы, аяқ бұлшық еттері, арқа және белдің аймағында ауырсыну, тәбеттің жоғалуы пайда болады. Ауыр жағдайларда құсу, мұрыннан қан кету болуы ықтимал. Сипаттық белгілері – лимфалық түйіндері ұлғаяды, олардың өлшемдері бұршақ пен жаңғақ сияқты болуы мүмкін. Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан 21 күнге дейін, орташа есептегенде 3-7 күн болады.
Туляремияны қайда және қалай жұқтыру мүмкін? Табиғатта туляремиямен көбінесе тышқандар, су кеміргіштері, ондатрлар, кұндыздар, атжалмандар ауырады; мысық және иттер азырақ сезімтал; адам өте сезімтал.
Инфекция адамға терінің зақымдалуымен таралады (кенеде, бүргеде, масада, сонада, құрт-құмырсқада және т.б.) тістегенде және тыныс жолдар арқылы беріледі. Құдықтан және табиғи су қоймаларынан, шаруашылық жұмыстар кезінде (шөппен, құрама жемнен, қоқыстан және т.б.) алынған қайнамаған суды ішкенде, кеміргіштердің қиымен ластанған, азық-түлік тағамдарды жегенде ауру жұғуы мүмкін.
Аңшылар үшін ауру мал үлкен қауіп төндіреді, өйткені мал етін бөлгенде, терісін алғанда, терінің зақымдалған жерлері арқылы қоздырғыш адамның ағзасына түсуі мүмкін.
Туляремиядан өзіңді қалай сақтауға болады?
Ең тиімді шара - бұл 5 жыл бойы аурудан қорғайтын алдын алу екпелерін жасау.
Қансорғыш жәндіктер мен кенелерден қорғану үшін жеке қорғаныш заттарын - репелленттер, қорғаныш жамылғы, торды пайдалану керек.
Үй-жайда кеміргіштер пайда болған кезде оларды жоюға бағытталған шараларды қолдану қажет. Аулалардың және бақша учаскелерінің тазалығын қатаң сақтау керек, аумақтың ластануына жол бермеу, қоқыс пен азық-түлік қалдықтарын тығыз жабылатын қақпақтары бар қоқыс жинайтын жәшіктерде, қатаң белгіленген орындарда сақтау қажет.
Азық-түлік өнімдерін кеміргіштер енбейтін орындарда, суды жабық ыдыста сақтаған жөн. Кеміргіштерден қалған іздері бар өнімдерді пайдаланбау, сондай-ақ кеміргіштер зақымдаған (кемірулер, қидың болуы) саңырауқұлақтарды жинамау. Ішу үшін қайнаған суды пайдаланыңыз.
Сонымен қатар, ауа-шаң жолымен жұқтыруды болдырмау үшін, шаң жұмыстарын жеке қорғаныш құралдары – респиратор, қолғапты пайдалана отырып, жүргізу қажет.