Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

 

 

2024 жылғы 3 маусымнан 16 шілдеге дейін келесі Аққулы ауданының жергілікті атқарушы органдарында және ауданның квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады:

«Аққулы ауданы әкімінің аппараты» ММ, «Аққулы ауданының экономика және бюжеттік жоспарлау бөлімі» ММ, «Аққулы ауданының қаржы бөлімі» ММ, «Аққулы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ, «Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі» ММ, «Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ, «Аққулы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, «Аққулы ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ, «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, Аққулы ауданы әкімдігінің Аққулы ауданы экономиканың нақты сектор бөлімінің                           «Аққу-Сервис» ШЖҚ МКК, «Аққулы ауданының Аққулы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Аққулы ауданының Баймолдин ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Аққулы ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Аққулы ауданының Қарақала ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Аққулы ауданының Қызылағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Аққулы ауданының Шақа ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Аққулы ауданының Шарбақты ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Аққулы ауданының Майқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Аққулы ауданының Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ және «Аққулы ауданының Ямышев ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауға объектілердің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер мен объектілердің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі тартылатын болады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындылары бойынша талдамалық анықтама дайындалады, оның негізінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылданатын болады.