«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

 

'Аққулы ауданы әкімінің аппараты' мемлекеттік мекемесі

Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 04.05.2024 - 12.05.2024 Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу:
13.05.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 16.05.2024
Сұхбат: 21.05.2024
Анықтама телефоны: 87051322554
E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243000
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше
болуы мүмкін)

Лауазым атауы:
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы, E- R-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)

Функционалдық міндеттері:
Мемлекеттік қызметтерді стандарттары мен регламенттеріне сәйкес көрсету. Мүгедектерді оңалту және
медициналық-әлеуметтік сараптаманың жалпы принциптерін белгілейді, ұйымдастырады және жүзеге
асырады.18 жасқа дейін балаға көмек көрсету мониторингін жүргізу, ақпарат дайындау.
МБК тағайындау үшін учаскелік ауылдық округ комиссияларынан құжаттарды қабылдау.Мемлекеттік атаулы
әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі бақылау, мәліметтерді жасау және талдау.
ААЖ, Е-Собес бағдарламаларын жүргізу. Бас бостандығынан айырылған жерлерінен босатылған адамдармен
жұмыс.
Аудан бойынша онко-туб, нарко және әлеуметтік –қауіпті аурулардың деректер базасын жүргізу. Бөлім
басшысының бір жолғы және басқа да тапсырмаларын орындау.


Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім,
кәсіби білім: құқық және экономика негіздері, әлеуметтану, әлеуметтік жұмыс, бизнес және басқару,
әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, психология, гигиена және өндірісте еңбекті қорғау,
педагогика және психология, құқық, юрист

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары, мемлекеттік лауазымдарда
жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес
салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе
техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
жоғарыдан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап
етілмейді.

Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс
қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдана алады.