УЛЫ ГАЗ – ӨЛІМГЕ ҚАУІПТІ!

УЛЫ ГАЗ – ӨЛІМГЕ ҚАУІПТІ!

Улы газ көзге корінбейді, иісі мен дәмі жоқ, өте ұлы – улану мен өлімге әкеледі. Мұржасы ластанған, дұрыс орнатылмаған жағдайда, үй тұрғындары куйіп және өліп кетуі мүмкін.

Улы газ датчигі – ауада улы газдың пайда болуын тіркейтін, пешпен жылытатын үйлерге арналған шағын құралы. Оның басты артықшылығы – егер үйде улы газдың концентрациясы рұқсат етілгенінен шектен асып кетсе, дыбыстық сигналды беру. Улы газ әртүрлі жылыту және жылыту құралдарының жұмысы бұзылған кезде, құрамында көміртегі бар заттардың бықсу кезінде, әсіресе таза ауаның шектеулі болған жағдайда пайда болуы мүмкін. Улы газ концентрациясының жоғарылау болған кезде дыбыстық сигнал беретін автономды құрылғы ретінде жұмыс істейді.

Азаматтардың қаза болуын қысқарту мақсатына байланысты Аққулы ауданының төтенше жағдайлар бөлімі пештерді, қазандықтарды, каминдерді және газ плиталарын жылыту үшін пайдаланатын ұйлерге датчиктерді орнатуды ұсынады.

 

 

Аққулы ауданының

төтенше жағдайлар бөлімі