«Аққулы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы «2023 - 2025 жылдарға арналған Аққулы аудандық бюджеті туралы» № 123/24 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Аққулы аудандық мәслихат шешімінің жобасы, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының1) тармақшасына сәйкесәзірленді.
Аудандық бюджет әкімшілерінің ұсыныстары бойынша бюджеттің шығыс бөлігін қайта бөлу, «Аққулы ауылындағы саябақты қайта құру» жобасы бойынша үнемдеу, мемлекеттік сатып алу әлеуетті өнім берушілердің жетіспеуіне байланысты өткізілмеуі себебінен, осы сатып алудан бас тарту туралы шешім қабылданды, 4-тоқсанға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке, кедейлік шегінің 33107 теңгеден 35855 теңгеге өзгеруіне байланысты жергілікті атқарушы органның резервіне және басқа да шығындар. Бюджет кірістерін қайта бөлу.
Шешім жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде орналастырылған (21.11.2023 ж.бастап 27.11.2023 ж. дейін).
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14811464