Аққулы ауданы аумағында Төтенше жағдайлар бөлімімен бір апта ішінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына және құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған «Жатақхана» жедел-профилактикалық іс-шаралары өткізілді.

Аталған іс-шараға жергілікті атқарушы орган, ішкі істер органдары, еріктілер және Баспасөз ақпарат құралдары қатысты.

            Шара барысында Ертіс жоғарғы иновациялық аграрлық колледжінің жатақхана тұрғындарына  өрт қауіпсіздігіне қатысты 50 дана жадынамалар таратылды, өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптары бойынша семинар өткізілді. Сондай-ақ, осы шара барысында №18 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен өрт тактикалық жаттығу өткізілді.        

            ҚР ТЖМ баспасөз қызметі ақпараты бойынша елімізде барлығы 1 мыңнан астам рейд жүргізілді. Рейдтердің қорытындысы бойынша 734 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.16 мыңнан астам адамнан сауалнама алынып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Тұрғын үйдің өртке қарсы жағдайы тексерілді, анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ұсынымдар берілді.

Аққулы ауданының төтенше жағдайлар бөлімі