Өрт туындауына жол бермеу үшін өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтаңыздар:
- Автокөліктің тораптары мен механизмдерін жарамды жағдайда ұстау;
- Аккумуляторларды тікелей көлік құралдарында, сондай-ақ осы мақсатқа икемделмеген үй-жайларда от алдыруға тыйым салынады;
- Гараж үй-жайларын жылытуға, жарықтандыруға және көлік қозғалтқыштарын қыздыруға ашық от көздерін (от, жалын, қыздыру лампалары), сонымен қатар қолдан эасалған электр жылытқыштарын пайдаланбаңыздар;
- Гараж үй-жайларында жанатын материалдарда жасалынған үй жиһаздары мен бұйымдарын және жанатын сұйықтықтар мен тез тұтанатын сұйықтыртарды сақтамаңыздар;
- Гараж үй-жайларында темекі шегуге тыйым салынады;
- Өрт оқиғасы болған жағдайда, жүргішіге тез арада автокөлікті тоқтатып, қозлтқышты өшіріп, аккумулятор батареясын ажыратып, жолаушыларды қауіпсіз жерге көшіріп, 101, 112 телефондарды арқылы болған жағдай туралы хабарлау қажет. Содан кейін өртті алғашқы өрт сөндіру құралдарымен сөндіру бойынша шаралар қабылдау қажет.
Автокөліктегі өрттенудің негізгі себептері:
Электрсымдарының қысқа тұйықталуы, автомобиль салоныныда шылым шегу кезінде абйсыз болу, отын, майдың ағуы және қозғалтқыштың қызып тұрған бетіне тиюі, қозғалтқышты қыздыру үшін ашық отты пайдалану, электр газ дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде отпен абайсыз болу.