Құрметті Аққулы ауданының тұрғындары!

Құрметті Аққулы ауданының тұрғындары!

Құрметті Аққулы ауданының тұрғындары!

2023 жылы Аққулы ауданы бойынша қансорғыш жәндіктермен күресу бойынша дезинсекциялау қызметін көрсету үшін жергілікті бюджеттен 20 000 000 (жиырма миллион) теңге жоспарланған, Ертіс өзенінің су бетінде жұмыстарды жүргізу және өткізу ауданның 11 жағалауындағы елді-мекендеріндегі саябақ аумақтарын, әлеуметтік-мәдени нысандарды және шілтерлі су қоймаларын тосқауылдық өңдеуден өткізілді. Аталған жұмыс түрлерін жүзеге асыру үшін ашық конкурс арқылы мемлекеттік сатып алу жүргізілді. Зиянкестермен күресу жұмыстарын жүргізуде «Проф - Дез» ЖШС (Павлодар қаласы) жеңімпаз деп танылды, сатып алу сомасы ҚҚС-сыз 12 499 815,00 теңгені құрады.

         Аудандағы жайылым жерлердің ауданы 29304 га құрайды. Аққулы ауданындағы Ертіс өзенінің жағалау ұзындығы 146 км (Кривинка (Абай ауданының шекарасы) – Аққулы 63 км, Аққулы – Қарақала 56 км, Қарақала – Ямышево 27 км). Дезинсекциялық өңдеу жұмыстарының алаңы: 915 га, оның ішінде: саябақ аумақтары мен әлеуметтік-мәдени нысандарды өңдеу – 65 га және Ертіс өзенінің арнасы мен шілтерлі су қоймалары – 850 га. Қансорғыш жәндіктерге қарсы дезинсекциялық өңдеу Ертіс өзенінің арналарына, шілтерлі су қоймаларына, Ертіс өзенінің жайылмасының таяз суларына, Ертіс өзенінің салаларының су бетіне көлемі 565 кг биологиялық препаратты ағызу арқылы жүргізіледі. Аққулы ауданы 11 жағалаудағы елді мекендердегі саябақ аумақтарын, әлеуметтік-мәдени нысандарды дернәсілдер мен ересек масаға қарсы көлемі 165 литр химиялық препаратпен жер үсті әдісімен өзендік және тосқауылдық өңдеу.

            Ғылыми қамтамасыз ету тобының ұсынысы бойынша финологиялық зерттеулер жүргізілгеннен кейін ағымдағы жылдың 7 мамырында жағалаудағы ауылдардың аумақтарына іргелес жатқан жайылмада биологиялық және химиялық препараттарды пайдалана отырып, шілтерлі су қоймалары мен таяз суларды тазарту бойынша дезинсекциялау жұмыстары жүргізілді: Ямышев, Тілектес, Қызылқоғам, Қарақала, Шәмші, Шабар , Жамбыл, Әйтей, Жаңатан, Аққулы және Бесқарағай ауылдары.

         Алдағы уақытта финологиялық зерттеулер мен ғылыми қамтамасыз ету тобының ұсыныстарынан кейін жағалаудағы ауылдық елді мекендер аумақтарының шілтерлі су қоймаларын, таяз суларды, саябақ аумақтарын және әлеуметтік-мәдени нысандарын тиісті өңдеу жұмыстары жүргізілетін болады.