Аудандық орталықтандырылған кітапхана ғимаратында ерекше форматтағы кездесу өтті.

Аудандық орталықтандырылған кітапхана ғимаратында ерекше форматтағы кездесу өтті.

Аудандық орталықтандырылған кітапхана ғимаратында ерекше форматтағы кездесу өтті.

Гендерлік саясатты іске асыру бағытында жоспарлар мен жобаларды талқылауға арналған еркін диалогтық алаңға аудан әкімінің орынбасары А.Қасымова, “Нұр Ана әлемі” қоғамдық бірлестігінің ұжымы, ауылымыздың белсенді әжелері және жастар қатарынан нәзік жандылар қатысты.

Шара аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің бастамасымен ұйымдастырылды.

Алғашқы сөз аудан әкімінің орынбасары А.Қасымоваға берілді. Алма Жантемірқызы өз сөзінде ауданда гендерлік саясаттың дамуы жайлы тілге тиек етті.

Ақ жаулықты әжелеріміз де сөз алып, қоғамдағы әйелдердің рөлі, ұлт тәрбиесі жайлы өз ойларын жеткізді.

Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жаннұр Ахметжанова кездесу қатысушыларын ағымдағы жылы гендерлік саясатты іске асыру шеңберінде атқарылатын жұмыс жоспарымен таныстырды.

Қатысушылар өз кезегінде ұсыныстары мен жобаларын ортаға салды.

Шара барысында әйелдер қауымына арналған тимбилдинг ұйымдастырылып, сергіту ойындары да өткізілді.

Ойындар арқылы даналықпен пен парасаттылықтың нышанына айналған ақ жаулықты аналарымыз бен жастарымыз ұлттық салт-дәстүрден бастап қазіргі заманауи талаптарды керемет ұштастыра білді.

Мұнда ақ жаулықты аналарымыз бен нәзік жанды аруларымыз топтарға бөлініп, табысты әйелдің бейнесін көрсетті.

Жерлесіміз, әнші Эльдана Габерман шара қатысушыларына өз бейнежолдауын және ән арнады.

Нәзіктікпен бірге асқан талантты бойына сіңірген Нұрсұлу Мустимова сыңғырлаған дауысымен әуезді ән орындап, ал Саяна қызымыз қасиетті қобыздың үнімен тәнті етті.

Шарамызға қатысқан қарт ана, “Нұр Ана әлемі” қоғамдық бірлестігінің мүшесі Шамгунова Баян апамыз көпшілікке батасын арнады.

Кездесу соңында қатысушылар өз ойларын жеткізіп, алғыстарын жаудырды.