Аққулы аудандық учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін оқыту

Аққулы аудандық учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін оқыту

Аққулы аудандық учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін оқыту

            Әйтей, Жаңатан, Қазы, Малыбай, Қазантай, Шақа, Шоқтал, Шарбақты, Тосағаш, Жабағылы, Баймолдин, Тақыр ауылдарында Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері аудандағы учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерімен оқу сабақтарын аяқтады.             Семинар-тренинг екі бөлімнен тұрды: бірінші бөлімде сайлау науқанын ұйымдастыру мәселелері талқыланды, екінші бөлімде УСК мүшелерімен тәжірибелік сабақ өтті. Ол іскерлік ойын түрінде ұйымдастырылды, ол өз кезегінде «Дауыс беру күні» және «Дауыстарды санау» 2 кезеңнен тұрды.

            Іскерлік ойын барысында дауыс беру рәсімінің негізгі кезеңдері, бюллетеньдерді беру алгоритмі, үй-жайдан тыс жерде дауыс беруді ұйымдастыру, дауыстарды санау, тиісті құжаттаманы толтыру ерекшеліктері анықталып, талқыланды.

            Семинар-тренинг соңында төраға қойылған сұрақтарға жауап берді.

С. Б. Солтаниманова Аққулы аудандық АСК хатшысы