2022 жылы  12 ай ішінде Қарақала ауылдық округі әкімінің аппараты мемелекеттік мекемесімен  мемлекеттік қызметтер саласында көрсетілетін қызметтер туралы есеп

2022 жылы  12 ай ішінде Қарақала ауылдық округі әкімінің аппараты мемелекеттік мекемесімен  мемлекеттік қызметтер саласында көрсетілетін қызметтер туралы есеп

2022 жылы  12 ай ішінде Қарақала ауылдық округі әкімінің аппараты мемелекеттік мекемесімен  мемлекеттік қызметтер саласында көрсетілетін қызметтер туралы есеп

1.Жалпы ережелер

 

       Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына сәйкес  «Аққулы ауданының Қарақала ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 5 мемлекеттік қызметтер көрсетеді:

       1."Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу"; 

  1. Жер учаскесін нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
  2. Елді мекен шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру
  3. Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату;
  4. Жер учаскесін алуға кезекке қою.

       Көрсетілетін тегін мемлекеттік қызметтер саны - 5, көрсетілетін ақылы мемлекеттік қызметтер саны – 0

        2022 жылы 18 мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның ішінде сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу 14 мемлекеттік қызметтер,  жер учаскесін нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру – 4 мемлекеттік қызмет.

        Кеңінен сұранысқа ие болып табылатын мемлекеттік қызметтер: сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу. 2022 жылғы 12 айда халыққа 220 брошюра таратылды, оған 135 адам қатысты.

 

                         

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

 

       Халықтың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа кеңінен қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында Қарақала ауылдық округі әкімдігінің ғимаратындағы ақпараттық стендте мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары орналастырылған, сондай-ақ мүгедектердің құқықтарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бірінші кезекте қызмет көрсету қамтамасыз етілген және мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін пандус пен шақыру түймесі бар.

       Халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында брошюралар таратылып, ауылдық округ тұрғындарымен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша түсіндіру іс-шаралары жүргізілді.

       Округте мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 3 банер бар.

       Әкім аппаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар, 135 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

      

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесстерін

жетілдіру жөніндегі қызмет

 

        Кестеге сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты лауазымды тұлғаларды оқыту, сондай-ақ тұрғындарға ЭЦҚ, анықтама және т. б. алуға қызмет көрсету үшін "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету жөніндегі Аққулы ауданы бөлімі мамандарының мобильді тобының шығуы жүзеге асырылады.

       Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 23-бабы 6-тармағын орындау мақсатында 2022 жылдың 12 айында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша "Аққулы ауданы Қарақала ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмысы туралы есептерді жария талқылау өткізілді. 

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау

 

       2022 жылдың 12 айында мемлекеттік корпорация арқылы және электрондық түрде белгіленген мерзімдерін бұза отырып көрсетілген мемлекеттік қызметтер жоқ.

       2022 жылдың 12 айында қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.

       2022 жылдың 12 айында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту жоқ.                  Округ тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі ауылдық округ әкімінің тұрақты бақылауында. 

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетіе қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру

 

       Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының 23-бабы 6-тармағын орындау үшін округте 2023 жылдың 12 айына қызмет берушілердің,  жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету саласында "Аққулы ауданы Қарақала ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметі туралы есептерді көпшілік талқылауын өткізу жоспарланған. Жария талқылаулардың қорытындылары мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын жетілдіру үшін пайдаланылатын болады.

       2023 жылы көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру, мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы және "электрондық үкімет" порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер санын ұлғайту жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.

 

 

           Қарақала ауылдық

           округінің әкімі                                                    Р.Тастамбеков