Абайлаңыз! Пиротехника!

Абайлаңыз! Пиротехника!

Абайлаңыз! Пиротехника!

Жаңа жыл жақындап келе жатыр, қандай жаңа жыл мерекесі мерекелік нұршашулардың және бенгалдық жалындардың атқылауынсыз өтеді? Жаңа жыл және де басқа мерекелерде пиротехникалық құралдардың орсасан түрлі  арсеналы қолданылады, оларды қолдану өрттің туындауына әкеліп соқпай, сонымен бірге ең қорқыныштысы, жарақатқа және зақымдануға әкеліп соқтырады. Осыған байланысты Аққулы ауданы төтенше жағдайлар бөлімі Аққулы ауданының полиция бөлімімен бірлесіп ауданның барлық дүкендерінде пиротехникалық құралдар бойынша рейд өткізілді.

Осындай тұрдегі бұйымдарды сатып алған кезде, қайғылы зардаптарды болдырмауға көмектесетін ережелерді есте сақтаңыздар:

  • Пиротехниканың барлық түрлері сыртта қолдану үшін арналған.
  • От шашулар мен салюттерді тұрғын үйлердің немесе тез жанғыш заттардың қасында 20 метрден жақын жерлерде, төмен бастырмалар мен өсіп тұрған ағаштардың астында қолдануға болмайды. От шашуларды жаққан кезде білтесін бетке жақын ұстауға болмайды.
  • Отшашудың білтесін созылған қол қашықтығында жағу керек. Ол 6-8 секунд жанады. Отшашудан ұшқан от ұшқындарын өшіру қиын, сондықтан егер ол қолға тисе – міндетті түрде тері күйіп қалады.
  • Ракеталар мен отшашуларды адамдарға қарай атуға болмайды. Ракета – бұл қауіптілігі жоғары пиротехникалық бұйым. Кейде қардың үстіне орнатылған ракета бір жағына ауып кетіп, бағытын өзгертіп, адамдарға қарай ұшуы мүмкін, сондықтан олардың іске қосатын түтіктерін жерге нық орнату қажет.
  • Балаларға пиротехникалық заттармен ойнауға болмайды, бұл балаларға арналған ойыншық емес.
  • От шашуларды (бенгалдық шамдар мен шартылдақтардан басқа) қолда ұстап тұрып жағуға болмайды.
  • Жағылған салюттер мен отшашуларға олардың қолдану әдісінде көрсетілген қауіпсіз қашықтықтан жақындауға болмайды.

Әрбір пиротехникалық бұйымда оның қолдану әдісі туралы нұсқаулық жазылады. Сол нұсқаулықты мұқият оқып шығу үшін бір-екі минут уақытыңызды табыңыз. Бұл Сізді пиротехникалық затты қолданғанда қате іс-қимылдан сақтайды. 

Аққулы ауданының

ТЖБ инженері                                                                               Рымханов А.Т