Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар

 

 

Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің құқықтық және ұйымдастырушылық шаралары қарастырылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бұзүщылықтарға қылмыстық-құқықтық ықпал етуді ғана емес, сонымен қатар ішкі және сыртқы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне мониторинг, талдау жүргізу арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюды көздейді. Құқықтық шаралар сыбайлас жемқорлыққа қарсы оннан астам жаңа нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуді және қабылдауды қамтиды.

Ең маңыздалары:

      1.Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы.

          2.«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы  18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы.

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Президентіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы дайындау, ұсыну және оны жариялау қағидаларын бекіту туралы» жарлығы.

4.«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы  Президентінің 29 желтоқсандағы Жарлығы.

5.« Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы қаулысы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ұйымдастырушылық шараларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің құрылымы мен бағынастылығын, сондай-ақ қылмыстық істердің кезектілігін өзгерту кіреді.        Сыбайлас жемқорлық құқық бұзүшылықтарды анықтау, ашу және тергеу функцияларын  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  агенттігі жүзеге асырады.

Агенттік мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлық көріністерінің жүйелі профилактикасы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасының сақталуын бақылау саласындағы үәкілетті мемлекеттік орган болып табылады.

Барлық азаматтырды сыбайлас жемқорлық көріністеріне «нөлдік» төзімділікке щақырамыз. Ал ондай жағдай болғанда, бұл туралы  «Қазақстан Республикасының сыбайлас  жемқорлыққа қарсы қызметыне   немесе Call орталығына -1424 хабарлау қажет қонырау шалу тегін.

 

 «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция комитетінің Аққулы  аудандық аумақтық инспекциясы» Мемлекеттік мекемесі