Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Н. М. Әбдіровтың алғыс хаттарын табыстау туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының  төрағасы Н. М. Әбдіровтың  алғыс хаттарын табыстау туралы ақпарат

 

 

Қазақстан халқының өміріндегі маңызды саяси оқиғалардың бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша 2022 жылғы 5 маусымда болған республикалық референдум.

Референдумды әзірлеу мен өткізуге белсене атсалысқаны үшін Аққулы аудандық аумақтық референдум комиссиясының мүшесі Ж. А. Бостекова, учаскелік референдум комиссияларының төрағалары №333 Б. Р. Буланбаева, №337 А. С. Ахмеров, №344 А. Ж. Тұрсынхановқа Аққулы ауданының әкімі А. А. Балғабаев Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Н. М. Әбдіровтың Алғыс хаттарын табыстады, Аққулы аудандық аумақтық референдум комиссиясының төрайымы Г. К. Калиева марапаттаушыларға сыйлықтарын табыс етті.