АВТОКӨЛІКТІ ӨРТТЕН САҚТА !

АВТОКӨЛІКТІ ӨРТТЕН САҚТА !

Автокөлікте өрт туындауына жол бермеу үшін қажет:

- автокөліктің тораптары мен механизмдерін жарамды жағдайда ұстау;

- аккумуляторларды тікелей көлік құралдарында, сондай-ақ осы мақсатқа икемделмеген үй-жайларда оталдыруға тыйым салынады;

- гараж үй-жайларын жылытуға, жарықтандыруға және көлік қозғалтқыштарын қыздыруға ашық от көздерін, сонымен қатар қолдан жасалған электр жылытқыштарын пайдаланбаңыздар;

- гараж үй-жайларында жанатын материалдардан жасалынған үй жиһаздары мен бұйымдарын және жанатын сұйықтықтар мен тез тұтанатын сұйықтықтарды сақтамаңыздар;

- гараж үй-жайларында темекі шегуге тыйым салынады;

- өрт оқиғасы болған жағдайда, жүргізушіге тез арада автокөлікті тоқтатып, қозғалтқышты өшіріп, аккумулятор батареясн ажыратып, жолаушыларды қауіпсіз жерге көшіріп, 101, 112 телефондары арқылы болған жағдай туралы хабарлау қажет. Содан кейін өртті алғашқы өрт сөндіру құралдарымен сөндіру бойынша шаралар қабылдау қажет.

 

Аққулы ауданының ТЖ бөлімі