ҚЫСҚА ТҰЙЫҚТАЛУ

ҚЫСҚА ТҰЙЫҚТАЛУ

Пәтерлер немесе үйлердегі «қысқа тұйықталу» түрлі жағдайда орын алуы мүмкін. «Қысқа тұйықталуға» әкеп соқтыратын басты себептердің бірі электр сымдарының орауыштарының еріп кетуі. Көбінесе ондай орындар розеткалар, вилкалар немесе таратушы қораптарда (жалғанған жерлерде) болады. 

         Басты себебі – осы жерлердегі сымның осал жалғануы. Осындай жалғанудың салдарынан күш түскен кезде сымның сырты еріп, ток өткізгіш сымды жалаңаштап тастайды. Бұл жалғанулардың жасқы немесе жаманына өздеріңіз қарап, көз жеткізулеріңізге болады. Соңғы нұсқасында сым орауыштың сыртқы түсі қара-қоңыр болып, токтың күші түскен уақытта сым орауыштың күйген жағымсыз иісін сезесіз. Сонымен бірге розетканың немесе вилканың пластмасса қорабын қолмен ұстап көруге болады. Егер қолға қызғаны білінсе, онда жалғама жерлердің ақаулығы бар екенін көрсетеді, сондықтан кеш болмай тұрғанда шара қолдану керек.

 

Аққулы ауданының төтенше жағдайлар бөлімі