Тұрғын үйді өрттен сақта!

Тұрғын үйді өрттен сақта!

Үйіңізде өрттің шығуына жол бермеу үшін мынадай қарапайым өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауды ұсынады:

         - өрт шыққан жағдайға жазбаша түрде эвакуациялау жоспарын құрып, оны барлық отбасы мүшелерімен талқылаңыз;

         - кілттің құлыптаулы күйде есікте қалмай, өрт шыққан кезде эвакуациялау жағдайына үнемі қолыңызда болуы тиіс;

         - дайындалып жатқан тамақ пен ашық отты, жанып тұрған майшамды ешқашан қараусыз қалдырмаңыз;

         - төсекте ешқашан темекі шекпеңіз және спирт ішімдіктерін ішку кезінде темекі шегетін болсаңыз, мұқият болу керек;

         - электр розеткаларына артық жүктеме келтірмеңіз, сондай-ақ өзіңіз пайдаланбайтын электр  құралдарын өшіріп қойыңыз;

         - сіріңкелер мен тұтандырғыштарды әрқашан балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз және оларға әрдайым мұның ойыншық емес екенін әрі оны тек ересектердің ғана қолдануына болатынын айту қажет;

         - егер сіздің гаражыңыз не қораңыз болса, онда химикаттар мен отынды сақтау кезінде  саақтық шараларын сақтауды ұмытпаңыздар.

 

Аққулы ауданының төтенше жағдайлар бөлімі