"Дипломмен ауылға" мемлекеттік бағдарлама аясында ауданға жұмысқа орналасқан жас мамандармен кездесу өтті.

"Дипломмен ауылға" мемлекеттік бағдарлама аясында ауданға жұмысқа орналасқан жас мамандармен кездесу өтті.

"Дипломмен ауылға" мемлекеттік бағдарлама аясында ауданға жұмысқа орналасқан жас мамандармен кездесу өтті. Кездесуге аудан әкімі А. Балғабаев, аудан әкімінің орынбасары, білім, экономика және бюджеттік жоспарлау, мәдениет және спорт бөлімінің басшылары мен ардагерлер қатысты. Осыдан 5-6 жыл бұрын аталған бағдарлама аясында еңбек етуге келген жігерлі жастар өздерін таныстырып, өздерінің жетістіктері мен мемлекеттік қолдаулары жайында айтты. Туған жерлеріне келіп, туған еліне еңбек ету мен баспаналы болу қуаныштарымен бөліскен жастар бойында ауылға деген құрметі ерекше, өз еліне қызмет етуге деген ниеті дұрыс екені байқалды. Биылғы жылы жұмысқа орналасқан ізбасарларына ауылды көркейту жастардың қолында екенін айтып, жылы тілектерін білдірді.
Кездесуде жастар толғандырған сұрақтарына жауап алып, аудан әкімінің қолынан марапаттар қабылдады.