Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының 2021 жылғы 07 қазандағы №377ж/қ бұйрығына сәйкес Аққулы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау капитаны Қуаныш Маратұлы Зиядин құрметті зейнеткерлік демалысына шықты.
Қуаныш Маратұлы Зиядин 2005 жылдың тамыз айында №26 өрт сөндіру бекетінің өрт сөндіру автомобилінің жүргізуші лауазымында қызмет бастаған. 2013 жылы Лебяжі ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері лауазымына тағайындалды. 2014 жылы Көкшетау техникалық институтін «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бітірді. 2016 жылы Лебяжі ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы лауазымына тағайындалды.
Қ.Зиядин 2014 жылы «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» ІІІ дәрежелі медалімен, 2019 жылы «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» ІІ дәрежелі медалімен марапатталған. Сонымен қатар Аққулы ауданы әкімі атынан құрметті грамота мен алғыс хатпен бірнеше рет марапатталған.
Қызмет барысында өзін төтенше жағдайларды алдын алу және жою маманы ретінде жоғары деңгейде көрсетті. Азаматтық қорғау саласында 17 жыл атқарып, қиын жағдайда көптеген адамдарға өз шеберлігін көрсетіп көмек жасады.
Қызмет өткеру кезінде өзін оң жағынан, сауатты, білгір және тыңғылықты қызметкер ретінде танытты. Төтенше жағдайларды алдын алу және жоюға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру бағытында кәсіби білікті, ұқыпты қызметкер ретінде өзін көрсетті. Қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдай білетін қызметкер.
Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің және Аққулы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері атынан Қуаныш Маратұлы Зиядинге атқарылған мінсіз қызмет үшін алғысымызды білдіріп, деніне саулық, отбасыға бақыт, алдағы істеріне ақ жол тілейміз!