Тұрмыстық газдан болатын өрттің алдын алу бойынша

Тұрмыстық газдан болатын өрттің алдын алу бойынша

Газды орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу себептерінен туындайтын өрттер тұрғын үйлердің, материалдық құндылықтардың жойылуына, адамның жарақат алуына, өліміне әкеліп соғады. Аққулы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі өрттерді болдырмау үшін газды пайдаланудың негізгі ережелерін ескертеді:

- газ плитасын тек қана жақсы желдетілген бөлмеде қолдануға болады;

- тұмшапештің оттығын жағу алдында оның қақпағын бірнеше рет ашып, жабу жолымен желдету қажет;

- газды жағу кезінде алдымен жанып тұрған сереңкені оттыққа жақындатып, содан кейін бірақ шүмекті ашыңыз;

- плитаны тазалықта ұстаңыз;

- газ құралдарын орнатуды және жөндеуді тек қана тиісті құжаты бар мамандарға сеніп тапсырыңыз;

- газ құбырларының және құралдарының кемшіліктерін өздігінен түзеуге тырыспаңыз;

- жұмыс істеп тұрған газ құралдарын қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе егер оған балалардың қолы жететін болса;

- плитаның үстіне киім жаймаңыз, жанғыш заттарды плитадан алыстатыңыз;

- газ құралдарын қолдаған соң құралдағы шүмекті және баллондағы вентильді жабыңыз.

 

Аққулы ауданының

Төтенше жағдайлар бөлімі