Егін жинау және ірі жем дайындау кезіндегі өрт қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар!

Егін жинау және ірі жем дайындау кезіндегі  өрт қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар!

Ауыл шаруашылық жерлерінде егін жинау және шөп шабу басталуына байланысты, өртті болдырмау мақсатында:

- егін жинау басталмас бұрын, оған тартылған барлық тұлғалар өртке қарсы нұсқаулықты өту қажет;

- егін жинау агрегаттары мен автомобильдері алғашқы өрт сөндіру құралдарымен, жарамды ұшқын сөндіргіштерімен және күрекпен жабдықталуы қажет;

- егін пісер алдында олардың орман алқаптарына, дала жолағына, автомобиль және темір жолдарға іргелес жерлерінде ені кемінде 4 метр жолақтар шабылуы және жыртылуы қажет;

- егін жинауды астық алқаптарын алаңы кемінде 50 гектар учаскелерге бөлуден бастау қажет;

- уақытша егін қостарын өсімдіктен тазартылған алаңшаларда және астық алқаптарынан ара қашықтығы 100 метрге алшақ жерге орналастыру қажет. Дала қостары, астық қырманы алаңшаларының ені 4 метрге жыртылады.

Дала жағдайларда сақтау және мұнай өнімдерін толтыру қурап қалған шөптен, жанғыш қоқыстан тазартылған және ені кемінде 4 метр жолақ жыртылған немесе қырманнан, мая шөп пен сабандардан, құрылыстардан кемінде 50 метр ара қашықтықта жыртылған жерде арнайы бөлінген аудандарда жүзеге асырылады. Тәуліктің түнгі уақытында мұнай өнімдерін толтыруға тыйым салынады.

Қозғалтқыштардың радиаторлары, сабан толтырғаштардың, транспортерлер мен жинағыштардың біліктері, бұрандалы біліктер мен басқа да тораптар және жинау машиналарының бөлшектері шаңнан, сабаннан және дәндерден өз уақытында тазартылуы қажет.

        

Аққулы ауданының

Төтенше жағдайлар бөлімі