Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздік

Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздік

Аққулы ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері және  №18 өрт сөндіру бекетінің  қызметкерлерімен тұрғын үй секторларында өрттің алдын алуға бағытталған профилактикалық  шаралар жүргізіледі. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы аудан тұрғындарына тұрмыстағы болымсыз өрт қауіпсіздік ережелерін, олардың өрт бола қалған жағдайдағы іс-әрекеттерін жеткізу. Жеке меншік үйлер тұрғындарымен өрт қауіпсіздік шаралары туралы жиын өткізу. Еңбек ұжымдарында лекция, әңгіме өткізу. Жағдайы нашар жанұяларға рейд жүргізіліп, анықталған адамдарды өрт қауіпсіздік ережелеріне үйрету шаралары жүргізілді.

  Өртке қарсы қызмет қызметкерлерімен әр үйді аралап өрт қауіпсіздік шаралары туралы ескертулер тапсырылды, ТҮКШ, өкілдерімен семинар кеңестер өткізу жоспарланды.

 Тағы да  аудан тұрғындарының   өзін және   маңайындағы адамдарды    өрттен, онымен қатысты бақытсыздықтардан қорғап қалу үшін  орындалуы қажетті болымсыз   өрт қауіпсіздік ережелерін есіне саламыз:

-  қорада, шатырда, жер қабатта,  гаражда ашық отты пайдалануға, темекі шегуге болмайды;

- кішкентай балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдыруға болмайды, сереңкені балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз, балалардың отпен ойнауы әрқашанда өртке әкеп  соқтырады;

- газдың шығуын ашық отпен  тексеруге болмайды;

- жеңіл тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды  пәтерде, жер қабатта, шатырда,  сондай-ақ ашық, шыны ыдыстарда сақтауға  және полиэтилен канистрада тасымалдауға болмайды,  тасымалдауға темір канистра қолданыңыз;

-   әрқашанда пеш пен  түтін шығатын пеш мойындары ақаусыз қолданылуы  қажет,  оларды уақытында күйеден тазарту керек;

-  пешті керосинмен, бензинмен, солярамен және де басқа жеңіл тұтанатын сұйықтықтармен тұтатуға  болмайды;

- жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға және оны есігі ашық қалпында тұтатуға болмайды;

- оқшаулауы бұзылған электр  сымдарын қолдануға,  электр қалқандарда қолдан жасалған сақтандырғыштарды пайдалануға,   электр сымдарды шегемен  қағуға болмайды;

- бір розеткаға бірнеше электр құралдарын қосуға болмайды.

 

Аққулыауданының төтенше жағдайлар бөлімі