Жылыту пеші қауіпті болуы мүмкін

Жылыту пеші қауіпті болуы мүмкін

«Пеш» өрттері санының көбі жылу беру маусымына, суық уақытқа дәл келеді. Пәтер жалдаушылар мен үй иелері жазғы уақытта жылу беру құралдарын қолдану дағдыларын жоғалтады, сақтық шаралары туралы ұмытады. Пеш жабдығының өзі уақыт өте келе жарамсыздыққа ұшырайды.

Жылу беру маусымы басталардың алдында пештер мен түтіндіктерді тазалап, жөндеп, ақтап, жарықтарды бітеу қажет. Түтіндіктерді айына бір реттен кем емес күйеден тазалау керек.

Өрттер шығуының негізгі себептері:

Біріншіден, пеш құрылғысы ережелерін бұзу;

- ағаш аражабын арқылы өтетін жерлерде мұржаны өңдеудің жетіспеушілігі, сондай-ақ кішкентай шегіністер-пеш қабырғалары және үй қабырғалары мен арақабырғалардың ағаш құрылымдары арасындағы ара қашықтық;

- пеш алдындағы табақшаның болмауы.

Екіншіден, жылу беру пешін пайдаланғандағы өрт қауіпсіздік ережелерін бұзу.

Жылыту пешін пайдалану кезінде ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:

- жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға, сондай-ақ оны қадағалауды балаларға тапсыруға;

- сол пеш түрлеріне арналмаған отынмен жағуға;

- пеш алдындағы табақшада отынды және басқа да жанғыш заттар мен материалдарды қоюға;

- пеш жағу үшін бензин, керосин және басқа да жанғыш заттар мен материалдарды қоюға;

- жылыту пешін қыздырып жіберуге;

- ұзындығы от жағу жерінің көлемінен асатын отынды пайдалануға;

- пеш есікшелерін ашық қалдыруға;

- пеш жанында киімдер мен басқа заттарды кептіруге. 

 

Аққулы ауданының ТЖ бөлімі