Аққулы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы «2021-2023 жылдарға арналған Аққулы ауданының ауылдық oкругтерінің бюджеттері туралы» № 305/62 шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешімінің жобасына пресс-релиз

Аққулы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы «2021-2023 жылдарға арналған Аққулы ауданының ауылдық oкругтерінің бюджеттері туралы» № 305/62 шешіміне өзгерістер енгізу туралы  шешімінің жобасына пресс-релиз

Аққулы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы «2021-2023 жылдарға арналған Аққулы ауданының ауылдық oкругтерінің бюджеттері туралы» № 305/62 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

шешімінің жобасына пресс-релиз

 

Аққулы ауданы мәслихатының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы «2021-2023 жылдарға арналған Аққулы ауданының ауылдық oкругтерінің бюджеттері туралы» № 305/62 шешіміне өзгерістер енгізу туралышешімінің жобасы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 75-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.

Аққулы ауылдық округіне 6 дана*582,0 мың теңге - 3492,0 мың теңге әлеуметтік еңбек батырларына гранитпен қапталған ескерткіштерді орнату жұмыстарына.

          Ауылдық округтерде шағын футбол алаңын жайластыруға және сатып алуға:

          Аққулы - 2800,0 мың теңге;

          Жамбыл - 8751,0 мың теңге;

Майқарағай - 8751,0 мың теңге.

         Ямышев ауылдық округідегі Ямышев ауылының Сакиянов, Мир, Абай, Советов көшелерінің ауылішілік жолдарын орташа жөндеу бойынша техникалық қадағалауға 1000,0 мың теңге, Ямышев ауылының Сакиянов, Мир, Абай, Советов көшелерінің ауылішілік жолдарын орташа жөндеу бойынша материалдар мен жұмыстардың сапасына сараптама жасауға 1126,0 мың теңге.

         Малыбай ауылдық округідегі Малыбай ауылының ауылішілік жолдарын орташа жөндеуге 10% қоса қаржыландыруға 10 167,0 мың теңге.

Қызылағаш ауылдық округідегі Бесқарағай ауылының Оспанов 1км, Сыздықов 1 км, Пушкин 1 км, Абай 1 км, Құсайынов 1 км көшелерінің ауылішілік жолдарын орташа жөндеуге ЖСҚ әзірлеуге 1013,0 мың теңге.

          Шешім жобасы "Электрондық Үкімет" порталында ашық НҚА бөлімінде орналастырылған  (05.05.2021 ж . - 21.05.2021 ж. дейін).

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=8550530