Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 17 наурыздағы № 82 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 наурызда № 22359 болып тіркелді
БҰЙЫРАМЫН:
1.Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1)"Фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-02/584 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11913 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
Әкімшілік деректерді жинауға арналған фитосанитариялық есепке алу нысандарын фитосанитариялық есепке алу субъектілері аудандық инспекцияларға есептердің мынадай түрлері бойынша және мерзімдерде ұсынады:
1) лицензия негізінде пестицидтерді, биоагенттерді өндіруді (формуляциялауды), сатыпалудыжәнеөткізуді, биоагенттерді өсіруді және өткізуді жүзеге асыратын фитосанитариялық есепке алу субъектілерінің пестицидтерді, биоагенттерді өндіру және (немесе) өткізу туралы есебін жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі 10 шілдеге дейін және 10 қаңтарға дейін;
2) пестицидтердің, биоагенттердің қозғалысы туралы есеп, жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі 10 шілдеге дейін және 10 қаңтарға дейін;
3) пестицидтерді, биоагенттерді сақтау туралы есеп жыл сайын, 10 қаңтарға дейін;
4) бүрку және дәрілеу техникасы мен жабдықтары (ауылшаруашылығы авиациясы, аэрозоль генераторлары, атомайзерлік, штангалық, желдеткіш бүріккіштері, бүрку және дәрілеу техникасының өзге де түрлері) бар фитосанитариялық есепке алу субъектілерінің бүрку және дәрілеу техникасының болуы туралы есеп, жылсайын, 10 қаңтарға дейін;
5) өз өсімдік шаруашылығы өнімін өндіру үшін пестицидтерді, биоагенттерді қолдануды жүзеге асыратын фитосанитариялық есепке алу субъектілерінің химиялық өңдеулер жүргізуі туралы есепті ай сайын, наурыздан қыркүйекке дейін, есепті айдан кейінгі әрбірайдың 10-күніне дейін ұсынады;
6)өңдеу бойынша қызметтер көрсететін фитосанитариялық есепке алу субъектілерінің химиялық өңдеу бойынша қызметтер көрсетуі туралы есеп ай сайын, наурыздан қыркүйекке дейін, есепті айдан кейінгі әрбірайдың 10-күніне дейін;
7) тыйым салынған және жарамсыз пестицидтерді және олардың ыдыстарын, сондайақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын залалсыздандыруды жүзеге асыратын фитосанитариялық есепке алу субъектілерінің тыйым салынған және жарамсыз пестицидтерді және олардың ыдыстарын, сондай-ақпайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын зиянсыздандыру жөніндегі есеп жылсайын, 10қаңтарға дейін;
8)пестицидтерді,биоагенттерді сақтауды жүзеге асыратын фитосанитариялық есепке алу субъектілерінің қойма үй-жайларының болуы туралы есеп, жылсайын, 10 қаңтарға дейін.";
403-бап. Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын бұзу
Жоғарыда айтылғандарға байланысты қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар Аққулы ауылы, Ыдырысханов көшесі, 39 мекенжайы бойынша орналасқан аудандық инспекцияға фитостанитарлық есептілікті уақтылы және мерзімінде ұсынуға міндетті.
«ҚР АШМ АКК МИК Аққулы аудандық аумақтық инспекциясы» ММ