Тауар шығарылған жердің атауы.

Тауар шығарылған жердің атауы.

 

            Тауар таңбасы, қызмет көрсету таңбасы (бұдан әрі – тауар таңбасы) – "тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы" ҚР Заңына сәйкес тіркелген немесе Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттарға орай тіркеусіз қорғалатын, бір заңды немесе жеке тұлғалардың тауарларын (көрсетілетін қызметтерін) басқа заңды немесе жеке тұлғалардың біртектес тауарларынан (көрсетілетін қызметтерінен) ажырату үшін қызмет ететін белгі.

            Тауар белгісін немесе тауар шығарылған жер атауын пайдалану – тауар белгісін немесе тауар шығарылған жер атауын өздеріне қатысты қорғалатын тауарларда және қызметтер көрсету кезінде олардың орамдарына орналастыру, тауар белгісін немесе тауар шығарылған жер атауын белгілей отырып, тауарды дайындау, қолдану, әкелу, сақтау, сатуға ұсыну, сату, маңдайшаларда, жарнамада, баспа өнімін немесе өзге де іскерлік құжаттаманы қолдану, сондай-ақ оларды айналымға өзгеше енгізу.

            Тауар таңбасын тіркеудің қолданылу мерзімі оның қолданылуының соңғы жылы ішінде иесінің өтініші бойынша әрбір ретте он жылға ұзартылады. Тауар таңбасын тіркеудің қолданылу мерзімін ұзарту туралы мәліметтер сараптама жасау ұйымына өтінішхат келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде тауар таңбаларының мемлекеттік тізіліміне және куәлікке енгізіледі.

            Өтініш беру мерзімі иесінің өтініші бойынша қалпына келтірілуі мүмкін.

Тауар таңбасын тіркеу туралы мәліметтер тауар таңбаларының мемлекеттік тізіліміне енгізіледі.

            Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімі жалпыға қолжетімді болып табылады. Мүдделі тұлғалардың өтінішхаты бойынша сараптама ұйымы тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмені ұсынады.

Тауар белгісінің иесі тіркеуге қатысты өзгерістер туралы, оның тегінің, атының және әкесінің атының (ол болған кезде), тұрғылықты жерінің не атауы мен орналасқан жерінің өзгергені туралы, сондай-ақ тіркеуді мәні бойынша өзгертпейтін тауар белгісі тіркелген тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) тізбесін қысқарту туралы мәліметтерді қоса алғанда, сараптама жасау ұйымын хабардар етуге міндетті.

                                                             Ақсу қаласының ауданаралық  әділет басқармасы