Контрафактілік өнімдермен күрес және зияткерлік меншік объектілерін қорғау

Контрафактілік өнімдермен күрес және зияткерлік меншік объектілерін қорғау

 Әдебиет туындыларын, бейнежазбаларды, музыкалық туындыларды авторлық құқық иелерінің келісімінсіз пайдалану мемлекет экономикасына елеулі зиян келтіріп қана қоймай, сонымен бірге осы өнімдердің авторлары мен тұтынушыларының құқықтарын бұзады.«Зияткерлік меншік» термині 90-жылдардың басында Қазақстан Республикасының ғылыми айналымы мен заңнамасына енді. Зияткерлік меншік объектілерін - өнертабыстарды, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді және тауарлық белгілерді қорғау - тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік реттеуінің жаңа бағыты.Зияткерлік меншік объектілері болып авторлық құқық, сабақтас құқықтар, тауар белгісіне құқық, қызмет көрсету белгісі, тауар шығарылған жерді пайдалану құқығы, патент заңы табылады.Зияткерлік меншік - бұл азаматтың немесе заңды тұлғаның зияткерлік қызмет нәтижелеріне және заңды тұлғаны теңестірудің теңестірілген құралдарына, орындалған өнімдерді, жұмыстарды немесе қызметтерді (фирманың атауы, тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі және т.б.) даралауға айрықша құқығы. Зияткерлік меншік ұғымы ұжымдық болып табылатындығын ескеру қажет.Қазақстан Республикасында зияткерлік меншік құқығын қорғауды реттейтін нормативтік құқықтық актілер қабылданды. Олардың ішіндегі ең маңыздылары: Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің, «Тауар таңбалары, қызмет көрсету белгілері және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» заңдар, «Патенттік заң», «Қазақстан Республикасындағы селекциялық жетістіктерді құқықтық қорғау туралы» нормалары.

                                                             Ақсу қаласының ауданаралық  әділет басқармасы