Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина алған адамның ағзасы вируспен кездескенде,оны жоюға дереу күш жұмылдырады, яғни аурудың дамуына және асқынуына жол бермейді.
Вакцинаның көмегімен иммундық жүйеміз инфекциямен күресетін антиденелер шығара бастайды. Вакцинациядан кейін иммунитетті (қорғанс реакциясын) дамыту үшін кемінде 3-4 апта қажет. Өзіңізде және басқаларда қорғау үшін, вакциналаудан кейін бетперде (маска) киюді жалғастыру,қол гигиенасы (тазалығы) мен қашықтықты сақтау және көп адамдар жиындарынан аулақ болу керек.
Вакцинациядан кейінгі алғашкы күндері инъекция салған жерді суламауға тырысыңыз,саунаға бармаңыз,алкоголь ішпеңіз және шамадан тыс физикалық ауыртпашылықтан аулақ болыңыз.
Қазіргі уақытта қол жетімді вакцыналар нақты вакцинаға байланысты 3-4 апта аралығыменбірдей вакцинаның екі дозасын міндетті түрде енгізуді қажет етеді.
Мүмкін болатын жанама әсерлер
Вакцинадан кейін қысқа мерзімді жалпы және жергілікті реакциялар орын алу мүмкін: тоңып қалтырау дене температурасының жоғарылауы буындаме бұлшықттердің ауырсынуы жалпы әлсіздік бас ауруы шаршағыштық сондай-ақ инъекция орнында ауырсыну қызару және ісіну болуы мүмкін.Бұлардан сирек жүректің айнуы тәбеттің төмендеуі кейде лимфа түйіндерінің ұлғаюы байқалады.
Белгілер қалыпты және денеде иммунитет қалыптасып жатыр деген белгі.Әдетте бұл көріністер үш күн ішінде өтеді.
Вакциналау аймағының қызаруын ісінуін және ауырсынуын азайту үшін антигистаминді дәрілірді қабылдауға болады.Дене температурасы 38 С-тан жоғары көтерілсе қызуды және
Ауырсынуды басатын дәрілерді қабылдауға болады.
39 С-тан жоғары температура ң сағаттан астам уақытболса сондай-ақ әл-ауқаттың айтарлықтай нашарлауы орын алса жедел жәрден шақырыңыз (103)
Аққулы ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы