1.Жалпы ережелер
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес, 2019 жылғы 30 қыркүйектегі № 726 өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, оның ішінде мемлекеттік органдар арқылы - 4 Мемлекеттік қызмет түрі, Мемлекеттік корпорация арқылы-0 қызмет, "электрондық үкімет" веб - порталы арқылы - 3 мемлекеттік қызмет түрі, баламалы негізде-1 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.
Тегін негізде мемлекеттік қызметтің 1 түрі, ақылы негізде мемлекеттік қызметтің 3 түрі көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бекітілген стандарттарының саны-4.
2020 жылдың 12 айында Аққулы аудандық бөлімінің техникалық инспекциясымен жеке және заңды тұлғаларға барлығы 198 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Қағаз түрінде 2019 жылға қарағанда 79-190 мемлекеттік қызмет және 1 мемлекеттік корпорация арқылы және қызмет көрсетушілердің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде 2019 жылға қарағанда 118-100 қызмет көрсетілді.
Халықтың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа кеңінен қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында қызмет көрсететін барлық мемлекеттік мекемелерде, стендтерде, көрнекі орындарда стандарттар мен регламенттер, сондай-ақ Аққулы ауданы әкімдігінің ресми сайтында "Халыққа қызмет көрсету" бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты нормативтік құқықтық актілер орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті берушілердің ғимараттарында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы барлық қажетті ақпаратты орналастыру қамтамасыз етілген.
2020 жылдың 12 айында 24 түсіндіру іс-шаралары өткізілді, оның ішінде:
Анықтама:
("Аққу үні - Вести Аққу" аудандық газетіне 1 мақала жарияланды (Мемлекеттік қызметтерді түсіндіру бойынша халықпен семинар - кеңестер, дөңгелек үстелдер, жиындар – 94) .
Бөлімде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар. Дербес компьютерлердегі өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарында электрондық қызметтерді алу тәсілдері туралы роликтер бар.
жөніндегі қызмет
"Е-лицензиялау" ақпараттық жүйелерін сүйемелдеу мақсатында мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлғаларды оқыту үшін "ҰАТ"АҚ мамандарының бөлімге баруы кестеге сәйкес тұрақты негізде жүзеге асырылады.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 6-тармағын орындау мақсатында 2019 жылдың 12 айындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жұмыс туралы есептің жария талқылауы өткізілді.
2020 жылдың 12 айында Мемлекеттік корпорация арқылы және электрондық түрде белгіленген мерзімдерін бұза отырып көрсетілген мемлекеттік қызметтер жоқ.
2020 жылдың 12 айында қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.
2020 жылдың 12 айында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартқандар бар.
Аудан тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі Аққулы ауданның жергілікті атқарушы органдарының лауазымды тұлғаларының тұрақты бақылауында тұр.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 6-тармағын орындау үшін ауданда Аққулы ауданының техникалық инспекциясының қызметі туралы есепті жария талқылау көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен 2021 жылдың ақпан айына жоспарланған.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы өзге де қызметтер.
Жария талқылау қорытындылары мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын жетілдіру үшін пайдаланылатын болады.
Аудан азаматтарын оқыту кестесіне сәйкес, 2021 жылға арналған "электрондық үкімет" порталын пайдалану, сондай-ақ телеграмм-бот және eGov mobile арқылы мемлекеттік қызметтерді алу дағдыларына Мемлекеттік корпорациямен бірлесіп оқыту іс-шаралары жүргізіледі.
2021 жылы көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру, атап айтқанда, мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы және "электрондық үкімет"порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер санын ұлғайту жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.