«FAMILY_CHALLENGE»

«FAMILY_CHALLENGE»

Қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың 90-жылдығы мерейтойына орай  аудандық Akkuly_madeniet инстаграмм парақшасында  онлайн форматта Шапрбақты ауылының Абуловтар отбасымен  жанұялық челлендж бастау алды. Жанұялық челленджде ақынның атақты әдеби шығармалары ұсынылады. Үлкен, кішілі туыстар бір-біріне әдеби композицияларды арнап, жіберетін болады. Бүгінде ақынның «Ертең  біз жол жүреміз», «Ей өмір», «Жазылар естеліктер мен туралы», «Егістікте», «Көреміз» атты туындылары орындалуда. Қатысушыларға  Мәдени, рухани белсенділік танытып, өнерлерін ұсынған жанұяға  сәттілік, бақ- береке тілейміз.