Достар, ХҚО-ға кезекті брондау оңай әрі жылдам екенін білесіз бе?

Достар, ХҚО-ға кезекті брондау оңай әрі жылдам екенін білесіз бе?

 1-2 минуттың ішінде кезекті алдын ала онлайн белгілеп барсаңыз, ХҚО-да біршама уақытыңызды үнемдейсіз😉

Сонымен бронды egov.kz порталы не egovkzbot2.0 телеграм боты арқылы қалай жасаймыз?

📌Телеграм-боты:
- EgovKzBot2.0 ботын тауып, /start батырмасын басыңыз
- Қызметтер ішінен ХҚО-ға кезекті брондауды таңдаңыз
- Елдімекен мен баратын ХҚО-ңызды көрсетіңіз
- Қызмет түрін таңдаңыз - Баратын күніңіз бен уақытты таңдаңыз

📌 Egov.kz порталы:
- Egov.kz порталына кіріп, авторизациядан өтіңіз
- Басты беттегі «Кезекті ХҚО-ға онлайн брондау» сілтемесіне кіріңіз
- Ашылған бетте ЖСН нөміріңізді, ауданыңызды толтырыңыз
- Қажетті ХҚО мекенжайы мен қызмет түрін таңдаңыз
- Әрі қарай орталыққа бару күні мен уақытын көсетіңіз

📲Брондау сәтті өтсе, сіздің телефоныңызға тиісті хабарлама келеді!

ХҚО-ға бронь уақытынан 10-15 минут бұрын барып, бетперде тағуды ұмытпаңыз #oqytoqy