Мемлекеттік қызметтер электрондық турде

Мемлекеттік қызметтер электрондық турде

 

            "Электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметті алудың басты артылықшылығы бұл қолжетімділік ыңғайлық және қаржы шығындың азайтуы. Мемлекеттік қызметтердің тізімі әр дайым көбейтіледі. Заңды тұлғаларды тіркеу кезінде де қызметті ғаламтор жұйесі арқылы алу көзделген.

            Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді әділет органдары (тіркеуші орган) жүзеге асырады. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайтын тәртіппен Интернет желісі арқылы берілген электрондық өтініш негізінде жүргізілуі мүмкін.

            Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы өтініш тіркеуші органға Интернет желісі арқылы берілген электрондық құжат түрінде берілуі мүмкін.       Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы өтініш "электрондық үкіметтің" (www.egov.kz) веб-порталында толтырылады және ұсынылады, электрондық цифрлық қолтаңба қойылады.

             Тіркеу алымын төлеу "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.         Сонымен қатар шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу "электрондық үкімет" веб-порталында толтырылатын электрондық хабарлама беру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

            Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғылары (ережелері) мемлекеттік тіркеу процесінде ұсынылмайды."Электрондық үкімет" веб-порталға жүгінген жағдайда хабарламаға көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.

            Веб-порталға жүгінген жағдайда өтініш берушінің "жеке кабинетінен" заңды тұлғаны хабарлама тәртібінде тіркеу фактісі заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтамамен расталады, ол өтініш берушіге (өтініш берушілерге) электрондық форматта жеке кабинетке ("электрондық үкімет" порталында) жіберіледі.

 

                                                               Ақсу қаласының ауданаралық  әділет басқармасы