Қар борандары кезіндегі әрекеттер

Қар борандары кезіндегі әрекеттер

 

 

         Аяздар кезінде тірі қалу адамның моральді және физикалық жағдайынан және оның рухынан тәуелді.

         Тіпті жақсы жылы киім де желді аяздан тек қысқа мерзімге қорғауға қабілетті және осы уақытты өзіңізді құтқару үшін пайдалану керек.

         ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ! Қар – жақсы құрылыстық және жылу-оқшауламалық материал.

Сіздің құтқарылуыңыз – орынды таңдауда және қар баспанасын салуда (шөп, сабан маясы ...). Бұл Сізге денсаулық үшін қауіп төндірмейді, қар боранына, бұрқасынға төтеп беріп, ары қарай қозғалу үшін жағымды ауа райының жағдайын күтуге мүмкіндік береді.

         ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ! Жолға шыққандағы қарапайым ережелер:

         - ауа райы туралы ақпаратты қадағалаңыз;

         - артық киімнен бас тартпаңыз;

         - машинада азық-түлік қорын, ыстық шәй термосын және портативтік жылытқышты алып жүріңіз;

         - түнде, боранда жолға шықпаңыз, түнде барлық бағдарлар жоғалады;

         - жолдан шықпаңыз;

         - байбаламға салынбаңыз, сабырлық сақтаңыз.

 

Аққулы ауданының

Төтенше жағдайлар бөлімі