Тұрмыстағы өрт қауіпсіздік бойынща профилактикалық жұмысы

Тұрмыстағы өрт қауіпсіздік бойынща профилактикалық жұмысы

Тұрмыстағы өрттердің, адамдардың қаза болуы мен жарақаттануының алдын алу ҚР ТЖМ қызметінің басты бағыттарының бірі болып табылады. Және бұл кездейсоқ емес. Статистика көрсетіп отырғандай, ағымдағы жылы өрттердің 36,4% тұрғын үй секторында болады. Өрттің негізгі себептері пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзу, отты абайсыз қолдану болды. Өрт кезінде 1 адам қаза тапты, 1 адам жарақат алды.

Өрттің алдын алу мақсатында Аққулы ауданының ТЖБ және №18 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері ауданның тұрғын үй секторында профилактикалық рейдтер жүргізеді. Тұрғын үй қорын аралау шеңберінде тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша жадынамалар мен парақшалар таратылады, ақпараттық стендтерде көрнекі үгіт материалдары жаңартылады және ең бастысы жеке әңгімелесулер мен нұсқамалар жүргізіледі.

Ағымдағы жылы Аққулы ауданының аумағында он үш мыңнан астам аулаларды аралау жүргізілді, халықтың әлеуметтік осал топтары санатынан 71 отбасында нұсқаулықтар мен әңгімелесулер өткізілді. Барлық 71 үйде өртке, адамдардың өліміне әкеп соқтыруы мүмкін өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзушылықтар (бөлшектеудің болмауы, пештің қыздыру элементтерінен үйдің жанғыш құрылымдық бөліктеріне дейінгі аралықтар, пештің сынған плиталары, пеш алдындағы табақшалардың болмауы, отынды, киімдi пештің жанында кептіру және т.б.) бар.

Бұдан басқа, көп балалы отбасылар тұратын пешпен жылытылатын тұрғын үйлерде улы газдан адамдардың топтасып қаза болуының алдын алу мақсатында ауданның өртке қарсы қызмет қызметкерлерімен 57 улы газ тетiгі орнатылды, 2019 жылы 28 улы газ датчигі орнатылды. Бұл шара қауіптің деңгейін төмендетсе де, өрт мәселесін шеше алмайды.

Аққулы ауданының төтенше жағдайлар бөлімі аудан азаматтарынан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды. Өрт шыққан жағдайда дереу "101" және "112"телефондарына хабарлаңыз.

 

Аққулы ауданының ТЖ бөлімі