Жұқа мұз қауіпті !

Жұқа мұз қауіпті !

20 қараша күні «Акуленок» шығанағының аумағында 1960 жылғы ер адамның балық аулау кезінде мұз астына түсіп, Павлодар облысы ТЖД құтқарушылармен мұздан шығарылып, «103» жедел жәрдем қызметінің бригадасына тапсырды. Ер адам ауруханаға жатқызылды. Жағдайы бірқалыпты.

Қауіпсіздік мақсатында ескертеміз:

  1. Балық аулаушылар мұз бетіне шыққан кезде көп шұқыр қазуға болмайтынын және бір орынға көп адам жиналуға болмайтынын есте сақтауы қажет.
  2. Ұзындығы 12-15 метр арқан алып, бір ұшында ілмек жасау керек.
  3. Мұз бетімен шаңғымен жүрген кезде шаңғы ізімен жүру керек.
  4. Мұзға шығар алдында өзің туралы ақпаратты туыстарға, таныстарға қалдырып, ауа-райын бақылау керек.
  5. Өзіңмен бірге қуаты толық телефон қажет.
  6. Балық аулауға таңдалып алынған орынды жақсы білу керек.

Құтқарушылардың көмегі қажет болса «112»-ге қоңырау соғыңыз.

Ал егер мұз жарылып кетсе не істейсіз? Көмекке шақырыңыз, байбалам салмаңыз. Мұз шетіне денемен жатпаңыз – бұл мұздың одан әрі ойылып  кетуіне әкелуі мүмкін. Денені мұздың шетінен алысқа шығаруға тырысыңыз, көлденеңінен жатып, су бетінде қалуға тырысыңыз. Одан кейін аяқпен итеріліп мұз бетіне шығуға талпынып көріңіз. Мұз бетіне шыққан соң келген жағыңызға қарай жылжыңыз.

Мұзға түсіп кеткен адамға қалай көмектесу керек? Көз алдыңызда мұз жарылып, адам құлап кетсе көмекке келе жатқаныңызды айғайларп айтыңыз. Зардап шегушіге еңбектеп келу керек. Шаңғының үстіне жатып алып барсмаңыз тіпті жақсы. Мұй ойығына дейін 3-4 метр қалғанда зардап шегушіге шарф, арқан, белдік, тақтай, сырық – қолыңызға түскен затты беріңіз.

         Балық аулау өте қызықты хобби болса да құтқарушылардың кеңесіне немқұрайлы қарап, өз өмірлеріңізді бәске тікпеңіз.

ҚР ТЖМ тұрғындарға осындай жағдайлардың алдын алу үшін жұқа мұзға шықпауға кеңес береді.

 

Аққулы ауданының

Төтенше жағдайлар бөлімі