Құрметті Аққулы ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді

Құрметті Аққулы ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді

Сайлауға қатысушылардың тізімін жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеудің негізінде жасайтынын назарларыңызға жеткіземіз. Тұрақты тіркеуі жоқ немесе дауыс беретін күні тіркелмеген орында болуды жоспарлайтын азаматтарға дауыс беретін күнге дейін 30 күннен кешіктірмей (23 шілдеден кешіктірмей) Аққулы аудан әкімдігіне (Аққулы аудан әкімдігі, Всеволод Иванов к-сі, 92А, 104-каб. мекенжайы бойынша) өтініш беру қажет.

 

Аталған құқықты:

- дауыс беретін күні тіркеу орны бойынша болмайтыны белгілі болған азаматтар;

 

- жоғары және орта арнаулы оқу орындарында оқитын және жатақханадан тыс тұратын басқа қаладан келген студенттер;

 

- вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтар қолдана алады.

 

Тізімдегі деректерді +7 (71839) 21-0-28 нөмірі бойынша Аққулы аудан әкімдігінің Call-орталығы арқылы не өз деректеріңізді +7 775 159 9273 WhatsApp нөміріне жіберу арқылы тексеруге болады.

 

Call-орталықтың жұмыс кестесі:

дүйсенбі-жұма – сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін (үзіліс 13.00 - 14.30);

сенбі, жексенбі – сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін.

 

Аққулы ауданының тұрғындарын белсенді азаматтық ұстанымын білдіруге және Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға қатысуға шақырамыз!