Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің аяқталғаны туралы

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің аяқталғаны туралы

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Аққулы ауданының мемлекеттік мекемелері мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу аяқталды.

Талдау барысында талдау объектілердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды айқындауға бағытталған ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет зерделенеді.

Жүргізілген ішкі талдау қорытындысы бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және мемлекеттік органдар қызметін жетілдіру жөніндегі ұсынымдардықамтитын талдамалық анықтама дайындалды.

Ашықтық пен жариялылық қағидаларын қамтамассыз ету мақсатында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері 2026 жылдың 1 шілде күні сағат 10.00- де Аққулы ауылы, Вс.Иванова көшесі, 98 ғимаратта Аққулы аудандық Қоғамдық кеңесінің отырысында қаралатын болады. Отырыс барысында мүдделі тұлғалардың қатысуымен ішкі талдау қорытындылары жария түрде талқынылады.