Шөп шабу кезеңінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау қажет:
- Шөп дайындалатын жерлерде темекі шекпеңіз және ашық от қолданбаңыз.
- Егістік алқаптарында шыны бөтелкелер мен басқа да қоқыстарды қалдырмаңыз.
- Ауыл шаруашылығы техникасының жарамдылығын қадағалап, жанар-жағармай мен майдың ағуын дер кезінде жойыңыз.
- Өрт сөндіргіштер мен өрт сөндіру құралдарының болуын қамтамасыз етіңіз.
- Құрғақ шөп пен өсімдік қалдықтарын өртеуге жол бермеңіз.
- Өрт немесе тұтану белгілері байқалған жағдайда дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз.
Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау егінді, мүлікті қорғауға және өрттің алдын алуға көмектеседі.