Павлодар облысы Аққулы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 1-03/154 «Аққулы ауданында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындау туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы

                                                                                                                                                                               ЖОБА

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 06 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына,  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Аққулы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Павлодар облысы Аққулы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 1-03/154 «Аққулы ауданында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындау туралы» қаулысының (Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 26 маусымда № 6448 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
  2. «Аққулы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз ету тапсырылады:

осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;

осы қаулыны Аққулы ауданы әкімдігінің Интернет-ресурсында орналастыру;

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік сала және экономика мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

                 Аудан әкімі                                                               Р. Муканов