Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің назарына

Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің назарына

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Аққулы ауданының аумақтық инспекциясы» ММ өсімдік шараушылығы өнімдерін өндіру және өткізумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің назарына фитосанитариялық есепке алу қағидаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты жеткізеді. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы          № 15-02/584 «Фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2026 жылғы                                           27 қантардағы №34 бұйрығымен өзгеріс енгізілді.

Аталған бұйрық Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік фитосанитариялық бақылау саласындағы негізгі нормативтік құжаттардың бірі болып табылады және мыналарды реттейді;

  • зиянды организмдер мен арамшөптердің сандық және сапалық көрсеткіштерінің фитосанитариялық нормативтері;
  • фитосанитариялық есепке алу нысандары;
  • осы нысандарды шаруашылық жүргізуші субъектілердің, органдар мен ұйымдардың ұсыну тәртібі.

Бұл талаптар Қазақстан Республикасының «Өсімдіктерді қорғау туралы» және «Мемлекеттік статистика туралы» заңдарының негізінде әзірленген.                     2026 жылы 27 қантардағы № 34 бұйрықпен фитосанитариялық есепке алу және есептілікті жетілдіруге бағытталған елеулі өзгерістер мен толықтырулар еңгізілді. Есептіліктің жаңа нысандары құрылымында  фитосанитариялық есепке алудың кеңейтілген  нысандар тізімі  еңгізілді, Олар;

  1. Пестицидтерді өндіру (немесе) өткізу туралы есеп нысаны (индексі ФЕ-1), есептілік мерзімділігі жарты жылдық, аумақтық бөлімшеге жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі 5 шілдеге және 5 қантарға дейін ұсынылады.
  2. Пестицидтерді импортау және өткізу туралы есеп нысаны (индексі ФЕ-2), есептілік мерзімділігі жарты жылдық, жылына екі рет 5 шілдеге дейін және       5 қантарға  дейін ұсынылады.
  3. Пестицидтерді сақтау туралы есеп нысаны (индексі ФЕ-3), есептілік мерзімділігі жарты жылдық, жылына екі рет, 5 шілдеге дейін және 5 қантарға дейін ұсынылады.
  4. Химиялық өндеу жұмыстарын жүргізу туралы есеп нысаны (индексі ФЕ-4), есептілік мерзімділігі ай сайын, наурыздан қыркүйекке дейін есепті айдан кейінгі 5–не дейін ұсынылады.
  5. Тыйым салынған немесе жарамсыз болып қалған пестицидтер мен олардың ыдыстарын залалсыздандыру туралы есеп нысаны (индексі ФЕ-5), есептілік мерзімділігі жылдық, жыл сайын 5 қантарға дейін ұсынылады.

Бұрын есепке алу деректтердің шектеулі көлемін қамтыған болатын. Жаңа тәсіл өсімдіктерді қорғауға арналған химиялық және биологиялық құралдардың қозғалысы мен пайдаланылуы туралы неғұрлым толық әрі нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. Нормативтерғе қауіпті зиянкестердің саны бойынша да түзетулер енгізілді. Атап айтқанда үйірлі шегірткелердің (италиялық прус, мароккалық және азиялық шегірткелер) санына қатысты экономикалық зияндылық шегі жаңартылып, вегетациялық кезеңде 1 шаршы метрге 5 дана және одан жоғары болып белгіленді. Бұл өзгерістер фитосанитариялық қауіп-қатерлерді дәлірек бағалауға және зиянкестердің жаппай көбеюі кезеңінде қорғаныс шараларын уақытылы қабылдауға бағытталған.

Жаңа ережелерде фитосанитариялық есеп нысандарын ұсыну тәртібі де қайта қарастырылды;

-есептілікті Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекетттік инспекция комитетінің аумақтық бөлімшелері арқылы ұсыну мерзімдері мен тәртібі нақтыланды;

-есеп беретін субъектілердің санаты кеңейтілді;

-есеп нысандарын ұсыну шарттары мен тәртібі нақты көрсетілді. Бұл әкімшілік рәсімдерді жеңілдетуге және фитосанитариялық бақылау саласындағы статистикалық деректердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Енгізілген өзгерістердің негізгі мақсаттары;

-фитосанитариялық есепке алу жүйесін қазіргі заманғы аграрлық мониторинг талаптарына бейімдеу;

-өсімдіктердің фитосанитариялық жағдайына әсер ететін процестерді неғұрлым дәл және жан-жақты есепке алу;

-мемлекеттік фитосанитариялық бақылаудың тиімділігін арттыру;

-халықаралық фитосанитариялық стандарттармен үйлестіру.

2026 жылғы 27 қантардағы №34 бұйрықпен енгізілген өзгерістер жүйелі сипатқа ие және Қазақстан Республикасының фитосанитариялық жүйесін одан әрі нығайтуға бағытталған. Есепке алу нысандарының кеңейтілуі, нормативтердің нақтылануы және есептілік тәртібінің жаңартылуы ауыл шаруашылығының фитосанитариялық жағдайын бақылаудың заманауи әрі тиімді моделін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Есептілік нысандары Павлодар облысы Аққулы ауданы, Идрисханов көшесі, 39 мекен жайында орналасқан «Аққулы ауданының аумақтық инспекциясы» ММ-не ұсынылады.