2025 жылы «Майқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтер саласында көрсетілетін қызметтер туралы есеп

2025 жылы  «Майқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ  мемлекеттік қызметтер саласында көрсетілетін қызметтер туралы есеп

        «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына сәйкес «Аққулы ауданы Майқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 6 түрін көрсетеді:

  1. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу; 
  2. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
  3. Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру;
  4.   Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату;
  5. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою.
  6. Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту.

          Оның ішінде тікелей мемлекеттік мекемеде  мемлекеттік қызметтер, тегін көрсетіледі.

         2025 жылдың 12 айында Аққулы ауданы Майқарағай ауылдық округі әкімінің аппаратымен барлығы 6 мемлекеттік қызмет көрсетілді, жеке тұлғаға  4, заңды тұлғаларға  2 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Қағаз нысанда - 0 (оның ішінде қағаз нысанда - 0, сондай-ақ 0 мемлекеттік қызмет қағаз нысанда көрсетілді, бірақ олар электрондық үкіметтің веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін) мемлекеттік қызмет көрсетілді, электрондық түрде көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы 0 мемлекеттік қызмет, Мемлекеттік корпорация арқылы 0 мемлекеттік қызмет көрсетілді. ЭҮП арқылы 6 мемлекеттік қызмет.

      Кеңінен сұранысқа ие болып табылатын мемлекеттік қызметтер: «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу».

     Көрсетілетін қызметті берушінің ғимараттарында мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы барлық қажетті ақпарат бар. «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 25-бабының 3-тармағына сәйкес мүгедектердің құқықтарын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік қызмет көрсетуде басым қызмет көрсетілді, мүгедектер үшін пандус қарастырылған.

 «Электрондық үкімет» порталының қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Майқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» орнатылған, бұрыш қажетті компьютерлік техникамен жабдықталған, электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) бар кез келген азамат өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышын пайдалана алады. Халық арасында электрондық мемлекеттік қызметтерді танымал ету бойынша ақпараттық - түсіндіру жұмыстары тарату арқылы жүргізіледі.

   Инстаграм желісінде брошюралар мен бейнероликтер жариялау, сондай-ақ оқыту семинарлары өткізіледі.

       2025 жылдың 12 айында округ бойынша 14  түсіндіру іс-шарасы өткізіліп, халықты – 1200 адам қамтыды.

         

          2025 жылдың өткен кезеңінде «Аққулы ауданы Майқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің мерзімін бұзу мен көрсетілетін қызмет алушылардан шағымдар болған жоқ.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 6-тармағын орындау үшін ауданда 2025  жылдың бірінші жарты жылдығына Аққулы ауданының Майқарағай ауылдық округінің жергілікті атқарушы органдарының көрсетілетін қызметті берушілердің, қызмет алушылардың, депутаттардың және  мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есептерді жария талқылау жоспарланған.

     Жария талқылау қорытындылары мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік қызметтер стандарттарын жетілдіру үшін пайдаланылатын болады.

     2025 жылы көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру, атап айтқанда мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің бұзылуына жол бермеу, «Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер санын ұлғайту жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.

 

Майқарағай ауылдық округ әкімі м.а                            М.Карашашева