Аққулы ауданының Қоғамдық кеңесі 2025 жылғы ақпан айында 13 адамнан құрылды. Кеңес құрамына азаматтық қоғамның нақты өкілдері кірді, мемлекеттік қызметшілер жоқ: ер адамдар – 8, әйелдер – 5, қоғам белсенділері – 4, бюджеттік сала қызметкерлері – 4, зейнеткерлер – 5.
Жас ерекшелік құрамы бойынша: 18–34 жас аралығы – 1 адам; 35–59 жас аралығы – 7 адам; 60 жастан асқандар – 5 адам.
2025 жылы аудандық Қоғамдық кеңестің құрамы өзгерген жоқ, кеңес тұрақты түрде жұмыс істеді. Жұмысты неғұрлым белсенді және нақты жүргізу мақсатында Қоғамдық кеңес мүшелеріне мониторингтер мен өзге де іс-шараларды жүргізу барысында пайдалану үшін куәліктер тапсырылды. Аталған куәліктер өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін, яғни 2027 жылды қоса алғанда, пайдаланылатын болады.
2025 жылғы есептік кезеңде Аққулы ауданының Қоғамдық кеңесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңын басшылыққа алып, Ережеге сәйкес жұмыс істеді, қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша азаматтық қоғамның мүдделерін білдіре отырып, өзіне жүктелген негізгі міндеттерді орындады, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылын дамытуға ықпал етті.
2025 жылғы қазан айында өткен Қазақстанның 12-ші Азаматтық форумында берілген Қоғамдық кеңестердің жұмысына қатысты ұсынымдар алдағы қызметте басшылыққа алынды.
2025 жылы Қоғамдық кеңестің 12 отырысы өткізілді. Қоғамдық кеңестің негізгі міндеттерінің бірі – қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.Осыған байланысты, өткен жылы аудандық Қоғамдық кеңестің отырыстарында жергілікті атқарушы органдардың 16 басшысының есептері тыңдалды. Қоғамдық кеңес отырыстарында көтерілген негізгі мәселелер: «Халыққа мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және электрондық қызметтерді танымал ету жөніндегі жұмыс туралы», Аудан орталығын абаттандыру, тұрғындарды ауыз сумен, жылумен қамсыздандыру, Малыбай, Баймульдин, Ямышево, Шарбақты, Жамбыл және Кызылагаш ауылдық округтерінің әлеуметтік-экономикалық дамуы, бюджеттің орындалуы туралы, аудандық және төртінші деңгейдегі бюджеттерді нақтылау, балалардың жазғы демалысын және еңбекке орналастыруды ұйымдастыру туралы, қоғамдық тәртіпті сақтау профилактикасы және полиция бөлімінің атқарған жұмыстары туралы, ақысыз медициналық көмек көрсету және тұрғындарды ақысыз медикаменттермен қамтамасыз ету туралы.
Аудандық Қоғамдық кеңестің отырыстарында қаралған барлық мәселелер бойынша ұйымдар мен мекемелерге басшылыққа алу және тиісті шаралар қабылдау үшін ұсынымдар жолданды. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар басшылары тарапынан Қоғамдық кеңестің ұсынымдарын елемеу фактілері тіркелген жоқ.
Есептік кезеңде аудандық Қоғамдық кеңес мүшелері аудан үшін өзекті мәселелер бойынша мониторингтер жүргізді. «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында экологиялық бақылау бойынша 2025 жылғы маусым–шілде айларында абаттандыру, рұқсатсыз қоқыс орындары, оның ішінде жасыл желектерді күтіп-баптау және суару, сондай-ақ туристік нысандар бойынша мониторингтер жүргізілді. Нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданып, Instagram әлеуметтік желісінде жарияланымдар орналастырылды.
Ағымдағы жылы аудандық Қоғамдық кеңес мәслихаттың, Аққулы ауданы әкімдігінің және ауылдық округтер әкімдіктерінің нормативтік-құқықтық актілерінің жобаларына қатысты ұсынымдар дайындап, жолдады, барлығы – 19.
Есептік кезеңде аудандық Қоғамдық кеңеске тұрғындардан шағымдар мен өтініштер түскен жоқ.
2025 жылы аудандық Қоғамдық кеңестің қызметі аудандық мәслихат пен аудан әкімдігінің ресми сайттарында, сондай-ақ «Қоғамдық кеңес» Instagram парақшасында фотоматериалдармен жарияланып отырды.
Аққулы ауданы Қоғамдық кеңес төрағасы С. Халемов
Орынд.Наурызәлиева Б.Ө.