АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

             «Аққулы  ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен  2025 жылғы 8 желтоқсанда сағат 11.00-да, шаруа  (фермерлік) шаруашылық, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі (жалдау) жер пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурс мына мекен-жайы бойынша өткізіледі: Павлодар облысы, Аққулы ауданы,  Аққулы ауылы, Вс. Иванова көшесі, 92А.

Конкурс өтінімдері конкурсты ұйымдастырушыға конкурс өтінімдерін қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін қолма-қол немесе пошта арқылы 2025 жылдың 17-ші қарашадан 5-ші желтоқсанға дейін табыс етіледі.

Конкурсқа шығарылатын жер телімдер  тізбесі

Лот-  тың№

Алқаптардың алаңы, гектар (бұдан әрі -га)

Топырақ-тың сапалық сипатта-масы

Бони-тет баллы

Ауылшаруашылығына мамандануы

Жалға беру мерзімі

Жер учаскесінің орналасқан жері

Сумен қамтама-сыз етілуі

1

228

Жалпы алаңы 254,9269 га, оның ішінде жайылым 254,4269 га, далалық жолдар 0,5 га

Ашық каштан

10

Мал шаруашылығы

15 жыл

Шақа  ауылдық округі

жоқ

2

229

Жалпы алаңы 498,7 га,  оның ішінде жайылым 498,4 га, жолдар 0,3 га

Ашық каштан

10

Мал шаруашылығы

15 жыл

Шақа  ауылдық округі

жоқ

3

230

Жалпы алаңы 501,9164 га, оның ішінде жайылым 500,3164 га, далалық жолдар 1,6 га

Ашық каштан

10

Мал шаруашылығы

15 жыл

Шарбақты  ауылдық округі

жоқ

4

231

Жалпы алаңы 502,1 га, оның ішінде жайылым 480,0 га, жолдар 2,7 га, тұзды батпақ 19,4 га

Ашық каштан

10

Мал  шаруашылығы

15 жыл

 Жамбыл ауылдық округі

жоқ

 

 

Барлығы: Жалпы алаңы

1757,6433 га, жайылым 1733,1433 га, тұзды батпақ 19,4 га, жолдар 5,1 га

 

 

 

 

 

 

 

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) конкурсқа қатысуға өтінім;

2) конкурстық ұсыныс.

Өткізілетін Конкурстарға жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар тізілімінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-1 баптың 19-тармағының бесінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар қатысуға құқылы емес.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінім (Бұдан әрі - Өтінім) қағаз тасығышта қолма-қол не почта арқылы немесе «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы өтінімдерді беру мерзімі аяқталғанға дейін беріледі.

«Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы берілген конкурсқа қатысуға арналған өтінім аудандардың жергілікті атқарушы органдарына электрондық құжат айналымы арқылы түседі. Конкурсқа қатысуға арналған конкурстық ұсыныс аудандардың жергілікті атқарушы органдарына өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін он бес жұмыс күні ішінде қолма-қол енгізіледі, одан кейін өтінім электрондық құжат айналымы жүйесінде тіркеледі.

Конкурсқа қатысуға өтінімде:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

4) конкурстық ұсыныс;

5) өтінім беруші Конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына (Бұдан әрі - Шарт) қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

Конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.

Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға өтінім қабылданбауға жатады.

Конкурстық ұсыныста мыналар болуы тиіс:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар Шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

Конкурстық ұсынысты, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, Конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, Конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.

Қатысушы конкурстық өтінімді конвертке желімдейді, онда: өзінің атауы мен мекен-жайын; конкурсты ұйымдастырушыны және оның мекен-жайын көрсетеді, ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін жалға беру жөніндегі конкурс" және "(ашудың нақты күні мен уақыты көрсетіледі) «2025 жылғы «8» желтоқсан» сағат 11.00-ға ДЕЙІН АШУҒА БОЛМАЙДЫ" деген сөздерді жазады. Конкурс өтінімдері конкурсты ұйымдастырушыға конкурс өтінімдерін қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін қолма-қол немесе пошта арқылы табыс етіледі.

Конкурс  бойынша толық ақпаратты жер қатынастары бөлімінен алуға болады.

Конкурсқа қатысушыларды тіркеу мына мекен-жайы бойынша жүргізіледі: Аққулы ауданы, Аққулы ауылы, Амангельды көшесі, 85А «Аққулы ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне хабарласуға болады, тел. 8-718-39-79-018.