Қарақала ауылдық округінің сайланған әкіміне куәлік тапсыру
2025 жылғы 27 тамызда Қарақала ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында ауылдық округ активінің кеңесі өтті, онда ауданның аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Г.К. Қалиева Қарақала ауылдық округінің сайланған әкімі Агынов Нуржан Сериковичқа куәлік табыс етті.
Тікелей сайлау нәтижесінде Қарақала ауылдық округі әкімі болып сайланған Агынов Нуржан Серикович 2025 жылдың 26 тамызынан бастап өз міндеттерін ресми түрде атқаруға кірісті.
Агынов Нуржан Серикович 1977 жылы 6 қаңтарда Лебяжі ауданы Черное ауылында дүниеге келген.
Аққулы ауданының құқық қорғау органдарында жиырма жылдан астам жұмыс істеді. 2017-2019 жылдары "Лебяжі ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ әдіскер, бас маманы қызметін атқарды, 2019 жылдан бастап сайлау сәтіне дейін "Аққулы ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі" ММ бас маманы, құрылыс секторының меңгерушісі болды.
Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды.