Жатаған (қызғылт) укекіре – карантиндік көпжылдық арамшөп, күрделі гүлділер тұқымдасының тамыр тұқымды өсімдігі, ауыл шаруашылық егістіктерін, жайылымдарды және т.б. басатын жер шарындағы зиянды арамшөптердің бірі.
Жатаған укекіре қуатты тамыр жүйесімен сипатталады. Негізгі тік тамырлардан және олардан көлденең (бағынышты) жер асты өсінділерінен, тамырлардан тұрады.
Тұқымымен және тамыр сабақтарымен көбейеді. Укекіре тұқымының өнгіштігі топырақ астында 5-6 жылға дейін сақталады. Өсімдік өмірінің екінші жылында шілде-тамыз айларында жеміс береді. Укекіре өсімдігі вегетациялық кезеңде қолайлы жағдайда диаметрі 5-6 метр болатын күртеше түзеді, оның тығыздығы 1 ш.м. 300 немесе одан да көп сабаққа жетуі мүмкін. Укекіре өсімдігі ылғалды және қоректік заттарды дәнді дақылдарға қарағанда 2-5 есе көп сіңіреді. Оның тік тамырлары 5-тен 16 метрге дейін тереңдікке түседі. Жатаған укекіренің өсімдіктері көптеген ауылшаруашылық жануарлары үшін зиянды. Жануар жейтін жем шөппен бірге ауыз қуысы мен асқазан-ішек жолына түсіп, шырышты қабықты тітіркендіреді және жаралар, тыртықтар пайда болады, бұл улануға немесе өлімге әкеледі.
Жыл сайын «РФД және БӘО» РММ аудандық филиалының мамандарымен Аққулы ауданы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы учаскелер де, мемлекеттік қордағы жерлер де жатаған укекірені анықтау мақсатында тексеріледі. Ол анықталған жағдайда карантиндік арамшөптің одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында дереу оны оқшаулау және жою бойынша шаралар қолданылады. Зақымдалған аумақты, жатаған укекіре ошақтары астындағы алқапты аумақтық инспекция мамандары үнемі талдап, бақылап отырады.
2025 жылда жатаған үкекіре қарсы мемлекеттік жерлерде -2,46 га химиялық өндеу жұмыстары жоспарлануда: оның ішінде Жамбыл а/о-0,1 га,Қызылағаш а/о -2,36 га.
Жатаған (қызғылт) укекіре арамшөбі ошақтарымен химиялық күресу үшін шанақтану және гүлдену кезеңінде Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген құрамында глифосат бар препараттар қолданылады.
«Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Аққулы аудандық аумақтық инспекциясы» Мемлекеттік мекемесі.