Су тасқыны кезінде қалай әрекет ету керек?

Су тасқыны кезінде қалай әрекет ету керек?

Көктемгі су тасқыны кезеңінде орын алуы ықтимал төтенше жағдайлардан сақтандыру мақсатында төмендегі қауіпсіздік ережелерін есте ұстаңыз:

- Су тасқыны қаупі туралы және эвакуациялау туралы хабар алсаңыз, тез арада белгіленген тәртіппен апатты су басуы мүмкін қауіпті аймақтан белгіленген қауіпсіз ауданға немесе көтеріңкі жерлерге шығыңыз.

- Үйден кетер алдында электр қуаты мен газды сөндіріңіз, жылыту пештеріндегі отты сөндіріңіз, ғимараттан тыс орналасқан барлық заттарды бекітіңіз немесе оларды қосалқы үй-жайларға орналастырыңыз. 

- Ұйымдасқан эвакуация болмаған жағдайда, көмек келгенге дейін немесе су азайғанға дейін ғимараттың жоғарғы қабаттарында, ағаштарға немесе басқа да биік жерлерде болыңыз. Күндіз-ағашқа қағылған айқын көрінетін матаны ілу немесе сермеу арқылы, ал қараңғы уақытта жарық сигналымен және дауыспен үнемі сигнал беріп отырыңыз.

- Құтқарушылар келген кезде үрейге бой алдырмай, сақтық шараларын сақтай отырып, жүзу құралдарын алыңыз. Қозғалыс кезінде белгіленген орындардан кетпеңіз, бортқа отырмаңыз, экипаждың талаптарын орындаңыз.