.Жалпы ережелер
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына сәйкес «Аққулы ауданының Шарбақты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 5 мемлекеттік қызметтер көрсетеді:
1."Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу";
Көрсетілетін тегін мемлекеттік қызметтер саны - 5, көрсетілетін ақылы мемлекеттік қызметтер саны – 0
2023 жылы 24 мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның ішінде сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу 20 мемлекеттік қызметтер, қалалық типтегі елді мекен немесе ауылдың жерінен жер учаскесін беру 1 мемлекеттік қызмет, жер учаскесін нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру – 3 мемлекеттік қызмет.
Кеңінен сұранысқа ие болып табылатын мемлекеттік қызметтер: сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу. 2023 жылғы 12 айда халыққа 112 брошюра таратылды, оған 110 адам қатысты.
Халықтың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа кеңінен қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында Шарбақты ауылдық округі әкімдігінің ғимаратындағы ақпараттық стендте мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары орналастырылған, сондай-ақ мүгедектердің құқықтарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бірінші кезекте қызмет көрсету қамтамасыз етілген және мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін пандус пен шақыру түймесі бар.
Халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында брошюралар таратылып, ауылдық округ тұрғындарымен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша түсіндіру іс-шаралары жүргізілді.
2023 жылдың 12 айында Аққулы ауданы Шарбақты ауылдық округінде www.egov.kz «Электрондық үкімет» порталын кеңінен тарату және мемлекеттік қызметтерді электронды форматта алу мақсатында 3 оқыту семинары өткізілді. Халықтың жалпы қамтылуы 34 адамдан құрды. Сондай-ақ ауылдық округ әкімдігі ғимаратында Ашық есік күні мен мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өткізіліп, тұрғындардың жалпы қамтылуы 50 адамдан құрды.
Округте мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 1 банер бар.
Әкім аппаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар, 95 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Дербес компьютердегі өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында электрондық қызметтерді алу тәсілдері туралы роликтер бар.
жетілдіру жөніндегі қызмет
Кестеге сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты лауазымды тұлғаларды оқыту, сондай-ақ тұрғындарға ЭЦҚ, анықтама және т. б. алуға қызмет көрсету үшін "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету жөніндегі Аққулы ауданы бөлімі мамандарының мобильді тобының шығуы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 23-бабы 6-тармағын орындау мақсатында 2023 жылдың 12 айында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша "Аққулы ауданы Шарбақты ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмысы туралы есептерді жария талқылау өткізілді.
2023 жылдың 12 айында мемлекеттік корпорация арқылы және электрондық түрде белгіленген мерзімдерін бұза отырып көрсетілген мемлекеттік қызметтер жоқ.
2023 жылдың 12 айында қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.
2023 жылдың 12 айында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту жоқ. Округ тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі ауылдық округ әкімінің тұрақты бақылауында.
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының 23-бабы 6-тармағын орындау үшін округте 2024 жылдың 12 айына қызмет берушілердің, жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету саласында "Аққулы ауданы Шарбақты ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметі туралы есептерді көпшілік талқылауын өткізу жоспарланған. Жария талқылаулардың қорытындылары мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын жетілдіру үшін пайдаланылатын болады.
2024 жылы көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру, мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы және "электрондық үкімет" порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер санын ұлғайту жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.
Шарбақты ауылдық
округінің әкімі М.Абулова