Аққулы аудандық мәслихатының
«Аққулы ауданы Қарақала ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы» шешім жобасына
БАСПАСӨЗ – РЕЛИЗІ
Аққулы аудандық мәслихатының «Аққулы ауданы Қарақала ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы» шешім жобасы (бұдан әрі - Шешім жобасы) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 122 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 32894 болып тіркелген) негізінде әзірленді.
Шешім жобасының қабылдаудың нақты мақсаты Аққулы ауданы Қарақала ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын өткізу қағидаларын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру.
Шешім жобасы «Ашық НҚА» интернет -порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14898462 «Құқықтық көмек» бөлімінде 2024 жылғы 18 қаңтардан 01 ақпанға дейін орналастырылған.