2025 жылы «Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтер саласында көрсетілетін қызметтер туралы есеп

2025 жылы  «Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ  мемлекеттік қызметтер саласында көрсетілетін қызметтер туралы есеп

Аққулы ауданы Малыбай ауылдық округінің  2025 жылғы мемлекеттік қызметтерді көрсету қорытындысы бойынша ақпарат

 

         Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтарда № 39/ НҚ  бұйрықпен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес «Аққулы ауданы Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекетттік қызметтердің 6 түрін ұсынады.

Олар:

1.    "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу"

  1. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру».
  2. «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру».

4.     «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп немесе бөліп төлеу арқылы сату».

  1. «Жер учаскесін алу үшін кезекке тұру».
  2. «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту».

2025 жылы Малыбай ауылдық округінде жалпы 10 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде:" Сауда - саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу " - 9. Көрсетілген қызметтер қағаз түрінде – 0, электрондық үкімет порталы арқылы – 9.  Жеке тұлғаға – 4 қызмет көрсетілсе,  5-ы заңды тұлғаға көрсетілді.

          2025 жылдың 12 айында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 5 түсіндіру іс - шара өткізілді, оның ішінде: "Көпшілік талқылау"-1, "Ярмарка"-4, «Тікелей эфир» -3", Халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында ауыл тұрғындарына 207 дана брошюра таратылды, өзіне-өзі көрсету бұрышы арқылы 96 қызмет көрсетілді.

           Қызмет алушылар үшін әкімдік ғимаратында қажетті техникалық жабдықтармен жабдықталған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді. Сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушылар үшін пандус және шақыру түймесі орнатылған. Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты маман электрондық қызметтердің үлесін арттыру бойынша өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының жұмыс істеуіне тұрақты мониторинг жүргізіледі.

            Халықтың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа кеңінен қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында Малыбай ауылдық округі әкімдігінің ғимаратындағы ақпараттық стендте Мемлекеттік қызмет көрсетудің ережелері орналастырылған.

             Электрондық мемлекеттік қызметтерді кеңінен насихаттау мақсатында Малыбай ауылдық округінде «Электрондық мемлекеттік қызмет 1414» тақырында баннер орнатылды.

 

Ауылдық округ әкімі                                  Д.Курманалиев