Аққулы аудандық мәслихатының «Аққулы ауданы Майқарағай ауылдық округі жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы» шешім жобасы (бұдан әрі - Шешім жобасы) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 122 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32894 болып тіркелген) негізінде әзірленді.
Шешім жобасының қабылдаудың мақсаты Аққулы ауданы Майқарағай ауылдық округі қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту.
Шешім жобасы «Ашық НҚА» интернет -порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14873359 «Құқықтық көмек» бөлімінде 2023 жылғы 22 желтоқсаннан 2024 жылғы 09 қаңтарға дейін орналастырылған.